Бұрынғы саяси тұтқын Кенжебек Әбішев дүниеден озды

Ақын жүрек талмасынан қайтыс болған


17/01/2022
11:46 37612 0

Фото: dalanews.kz

 

17 қаңтарда ақын, азаматтық белсенді, түрмеде отырған жылдары саяси тұтқын танылған Кенжебек Әбішев дүниеден озды. Мұны оның әйелі Гүлмира Әбішева «Азаттық радиосына» хабарлаған

 

— Таңғы бес жарымда жүріп кетті. «Асқазаным шеге жұтып қойғандай боп ауырып тұр» деп шағымданды. Жедел жәрдем шақырып едім, олар келгенше жүріп кетті. «Жүрегі, инфаркт» деді. Қуанышым ұзаққа бармады ғой, көнем ғой, не істеймін басқа?, — дейді Әбішева. 

Кежебек Әбішев 2018 жылы терракт жасауға үгіттеген деген айыппен жеті жылға сотталған еді. Кейін мерзімі қысқартылды. Құқық қорғаушылар оны саяси тұтқын деп таныды. 

Айыптаушы жақтың айтуынша, Әбішев Алмат Жұмағұловпен бірге Алматыдағы бір кафеде бірнеше адаммен кездесіп, оларды теракт жасауға үндеген. Дәлел ретінде олардың диктофонға жазылған әңгімесін көрсетті. Басқа диктофонға жазылған әңгімеде олар «ұлтаралық алауыздықты қоздырған»

Әбішев 2021 жылы шартты жаза алып, ерте босап шықты — бостандығы 2 жыл 4 ай 20 күнге шектелді. 

Мында Әбішев пен Жұмағұловтың ісі мен өзге саяси тұтқындар туралы жазғанбыз. Оқи отырыңыз.

Поделиться

Нет комментариев.

17/01/2022 11:46
37612 0

Уведомление